Танымал актрисаның киікпен құшақтасып түскен суреті дауға айналды HD

19.05.2021
Ақан Сатаевтың "Томирис" фильміне түсіп танылған актриса Альмира Тұрсынның құралайды құшақтап түскен суреті дауға айналды. Табиғат жанашырлары актрисаға киікпен фотосессия жасауға рұқсат берген қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ашулы. Осыдан бірнеше күн бұрын министрлік журналистер мен блогерлерге де ақбөкендермен пресс- тур ұйымдастырған еді. Бірнеше азамат әлеуметтік желіде ақбөкенмен түскен суреттерін жариялағаннан кейін, желі қолданушыларының сынына ұшырады. Өйткені қызық көргендер құралайды мертіктіріп алулары ғажап емес деп отыр. Олар бәрінен бұрын адамның иісін алған құралайды енесі бауырына алмай қояды дейді. Табиғат қорғаушылар мұндай оқиғаның барын жоққа шығармайды. СОВЕТ ӘЛИЕВ, Табиғат қорғаушы: – Актрисаның ақбөкенмен суретке түскеніне наразымын. Бұл деген жауапсыздық. Себебі адам иісін сіңіріп алған төлден енесі жеріп кетуі мүмкін. Ол азықсыз қалып, өліп қалуына дейін әкеледі. Түсірілімнің уақыты жарты сағат емес, одан көпке созылады. Ол актриса болған соң, костюмдерін ауыстырады. Негізінде төлді тек бір минутқа ғана ұстауға рұқсат етіледі. Оның өзінде ақбөкенді арнайы қолғаппен ұстау қажет. Ал актриса әлеуметтік желідегі парақшасында табиғат қорғаушыларына жазба қалдырып, жауап берген. Айтуынша, бұл фотоссесияны қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рұқсатымен жасаған. Альмира Тұрсын, ақбөкенге зиян тигізбес үшін түсірілімді жедел өткізгенін және төлді аса сақтықпен ұстағанын айтады. Ал қоршаған ортаны қорғау министрлігі киік төлін жалаңаш қолмен ұстаса да, ақбөкенге еш зиян болмайды дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #АльмираТұрсын #фотосессия #дау #ақбөкен

Похожие видео

Показать еще