Еліміздің экспорт көлемі импорттан артты HD

04.05.2022
Жылдың бірінші тоқсанында елдің төлем балансы профицитпен қорытындыланды. Яғни қазынаға қосымша 2,2 миллиард доллар түскен. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр бірінші тоқсанда керісінше 1,6 миллиард доллар кем болған еді. Осылайша республиканың төлем қабілеті 2020 жылдан бері алғаш рет профицитке шықты. Сондай-ақ биыл шетелден сатып алғанымыздан көрі сатқанымыз көбейді. Қаңтар мен наурыз аралығында біздің ел өзге мемлекетке 19 миллиард долларға тауар экспорттап, 9,1 миллиард долларға импорт жасады. Мұнда да айырмашылық 9,9 миллиард доллар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш еседей көп. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда төлем балансында табыстың артуына әлемде шикізаттың қымбаттауы әсер етті. Әсіресе Қазақстан негізгі экспорттық тауары мұнай бірінші тоқсанда 38 процентке қымбаттады. Осылайша кіріс көбейген. Ресейде де жағдай осыған ұқсас. Көрші елдің орталық банкінің болжамы бойынша мұнда профицит 145 миллиард долларға жетіп, рекорд жаңартуы ықтимал. Өйткені санкцияға байланысты Ресейге келетін импорт тауарлар күрт азайып кетті. Есесіне шикізат әлі экспортталып жатыр. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz

Похожие видео

Показать еще