Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналған патриоттық акция басталды
«Біздің Ту, біздің Елтаңба, біздің Әнұран». Дәл осындай атаумен Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналған патриоттық акция басталды. Жастардың рухын көтеретін бұл бастамаға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, қаладағы өнер ұжымдары жұмыла қатысып жатыр. Иә, бұл шараға қатысуға деген қала тұрғындарының ниеті айрықша болып тұр. Айта кету керек, аталған акция өткен жылы ғана ашылған Нұрлы жол саябағында өтіп жатыр. Бұл жерде қазір ине шаншар жер жоқ. Әсіресе қала жастары үшін бүгінгі күннің мән-маңызы ерекше екені байқалып-ақ тұр. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще