Дефектология мамандығы бойынша жас түлектерді жұмыспен қамту 1
Серкебаева Роза Нусиповна. Абай атындағы ҚазПИ дефектология мамндығы бойынша білім алды. (1993-1998ж). Қазіргі таңда №5 арнайы (түзету) есту қабілеті зақымдалған мектеп интернатының директоры. Оның бастамасымен № 5 арнайы (түзету) есту қабілеті зақымдалған мектеп интернаты ашылды(2008). Мектепте 215 оқушы, 26 сынып, мемлекеттік тілде оқытылады. Мектеп жұмысы жақсы ұйымдастырылған, «Арай» би ансамбльі республикалық көлемде өнер көрсетіп, сыйлық орындарға ие болды. Спорт ойын түрлерінен оқушылар Словения, Қырғызстан, Астана, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды қалаларында өнер көрсетті. Демеушілік көмек көрсетіп жүрген мекемелермен бірлескен нәтижесінде (ҚР Президентінің 1-ші фонды, «Бай-Бол», «Анкор», «Ақниет», «Шеврон» ж.т.б) экскурсиялар, сауықтыру орталықтарына жолдамалар көрсетіліп жатыр. Бүгінгі таңда аталмыш мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ-нің дефектология мамандығының түлектері жұмыс жасауда. Роза Нусиповнаның жетекшілігімен барлық мамандардың бірлескен жұмыс ұжымы сыйластықпен жұмыс жасайды.
Похожие видео

30.06.2021
02:05
ҰБТ-дан өте аз ұпай жинаған түлектердің тегін оқуға түсуге мүмкіндігі бар
youtube

15.11.2018
01:51
Астана қаласында “EnbekINFO” атты жаңа әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады!
vk.com
Показать еще