Алматыда республикалық ата-аналар форумы өтті HD
Қоғамда саналы ата-ана моделі қалыптасуы тиіс. Сонда ғана балалар арасында кездесіп жатқан зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, педофилия, буллинг сияқты сорақы әрекеттердің алдын алуға болады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан республикалық ата-аналар форумында айтылды. Оған Алматы мен Алматы облысынан мыңға жуық делегат қатысты. Меймандардың қатарында гуманды педагогиканың негізін қалаушы академик Шалва Амонашвили де бар. Жиынды өткізуге қоғамдық бірлестік мұрындық болған. Қатысушылар ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығы мен отбасы құндылығын арттыру жайын ортаға салды. Бала құқығы, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де басты тақырып болды. Форум үш күнге жалғасады. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz
Похожие видео
Показать еще