Бұл не деген қорлық?

19.11.2020
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жанайқайын жиі айтамыз. Бірақ олардың үнін үкімет естіп жатыр ма? Естісе, аяқ асты құлап қалатын, құлап қалуы себепті көшеге шығудан қалған, зейнет жасына жетпеген әйел мүгедектігін рәсімдей алмай жүре ме? Зейнетақы ала алмайтын, жұмыс істеуге қауқары жоқ, іші ісіп кеткенде ғана ауруханаға жүгіретін, ауруханаға жатпаған кезде дәрі ішуге мүмкіндігі жоқ кісіге мүгедектік неге тағайындалмай жатыр? Ал, сүйегі 27 мәрте сынған қызының күтімі үшін алатын азғантай жәрдемақымен күн көретін жалғызбасты ананың жанайқайы жүректі ауыртады. Мүгедек қызының қиындығын көтере алмай, күйеуі тастап кеткен әйелдің күйіне жылаған көз жасын сүртер адам бар ма? Ал, Қазақстанның мүгедектер туралы заңындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар тегін баспанамен қамтамасыз етілуі керектігі жазылған заң талабы неге орындалмайды? Тағдыры тартқызған ауыр сынақты әрең көтеріп жүргендер ипотекалық баспананың үстемақысын көтере ала ма? Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқы да шектеліп жатыр. Бүгінгі «Сөздің шыны керектің» тақырыбы осы. #сөздің_шыны_керек #Ирина_Советжанқызы

Похожие видео

Показать еще