Елордада аула сыпырушылары жалақысыз қалып, қаңғыбастардың күйін кешкен HD
Елордада аула сыпырушылары үш айдан бері жалақыларын алмай жүр. Жалдамалы пәтерлерінен қуылған олар, үш күннен бері нәр татпапты. Нұр-Сұлтанға жұмыс іздеп әр өңірден келген жігіт ағалары енді үйлеріне қайта алмауда. Далада түнеп, қаңғыбастардың күнін кешіп кеттік дейді олар. Ал жауапты компания, айлықты әне-міне береміз деп уақыт созуда. Немерелеріне тәтті әпермек түгілі, алпысты алқымдаған жігіт ағасы үш күннен бері нәр татпаған. Ішерге асы, киерге киімі таусылған аула сыпырушылары алды үш ай, кейбіреуі екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. ҒАНИ СЕРІКБАЕВ, аула сыпырушысы: — Қанша квартираға қарызбын. Хозяйка айтып бере алады. Затымды ала алмаймын. Үш күн болды қара су ішіп жатырмын. Бастыққа да айттым, жүріңіздер көріңіздер деп. Мына кісілерге де айттым, барлығымыз квартирант, жан-жақтан келгендер ғой. Елордадағы Республика даңғылы мен Иманов, Иманбаева, Жәнібек Тархан көшелерін аула сыпырушылары таңғы сағат бестен бастап тазалайды. Жұмысқа шықпай, міндеттерімізге салғырттық танытқан кездеріміз болмаған дейді. Ал, жалақыларын бермей, зар қақсатқан компанияның аты «Алтын Бэнс». Ол қаланың санитарлық тазалығына жауап беретін «Астана Тазалық» мекемесінің тендерін ұтып алған. «Бүгін беріп жатырмыз» деп бізге де жылы жауап берген «Алтын Бэнс» компаниясында жалпы саны 150 адам жұмыс істейді. Жауапты мекеме белсенді болған төрт адамға телеарнаға хабарласқандарың үшін тамыздың айлығын бермейміз деп қоқан-лоқы көрсетіпті. Жылан жалағандай дала тазалағанымыз бағаланбаса, сыпырып жүрген көшемізді жабамыз дейді ашуға булыққан аула сыпырушылары. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар