Үстірт Үш бұлақ құпиясы HD

22.01.2016
Жаңа аңшылық аумақтардың анықтау оңай жұмыс емес. Бүгін біз Максим Левитинмен бірігіп Уш Бұлақ үстіртін жаяу аралап көрмекпіз. Мақсат – алдағы жаңа аңшылық маусымға жақсы аң ату орындарын бағдарлау. Мұндағы тұмса табиғаттың жабайы қалпында сақталғандығы соншалық, көлікпен емес, ат үстінде жүріп өтудің өзі өте қиын. Енді, алдағы 10 күн бой тау арасындағы адам аяғы баспаған орындарды жаяулата аралауды жоспарға қойдық. Үшбұлақ аңғарынан Тебеген қыстауына дейін тіке жүрсең 30 шақырым. Бірақ, тіке жүріп өту мүмкін емес. Жергілікті ақсақалдар тау арасында өз заманында,яғни, ұжмдастыру саясатын жүргізгенде, осы өңірдің байлары Қытайға малдарын айдап өткен сүрлеудің бар екендігін айтады. Кейде осы бір құпия жолмен контрабандисттер де елімізге келіп жататын. Ал аңшылық үшін әлі пайдаланылып көрген жоқ. Аң атқан жағдайда оны сүйреп келу жолдары қиын. Содан болар, кез-келген броконьер ос жынысқа еніп, көздеген нысанын атып, қанжығасын майлағанымен, оны қиын да күрделі жолмен алып шығуға келісе бермейді, тіпті бармайды да. Шоқны басып өту үшін, бізге алдымыздағы Сасық бұғы және Қарақи өзендерінің шатқалын бағындыру қажет. Бұл аумақтың жазығына малшылар малдарын жая бермей. Жота еңістері тым қауіпті. Иесіз аланы бүгінде аюлар мен сілеусіндер, қасқырлар мекеніне айналдырған. Олар арқарлар мен маралдарға, қабандар мен еліктерге шабуылдап, даланы қанға бөгіп, қорегіне жаратып жатады.

Похожие видео

Показать еще