Қытай Жетісу облысымен қарым-қатынасын нығайтпақ HD

26.08.2022
Өңірдің 700 шақырымдай шекарасы осы елмен шектеседі. Облыс аумағында көрші елге шығатын екі ірі көліктік логистикалық дәліз бар. Қорғас шығыс қақпасы мен Достық кеден бекеті арқылы өтетін тауар айналымы жыл санап артып келеді. Алайда пандемия салдарынан халықтың кіріп-шығуы азайған. «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығының жұмысы тоқтап қалған. Осы ретте Қытайдың Қазақстандағы бас консулы еркін экономикалық аймақтардағы кей мәселелерді жергілікті деңгейде шешіп, барыс-келіс, алыс-берісті жандандыруға дайын екенін жеткізді. #Қытай #Жетісуоблысы #Қорғас

Похожие видео