Алматы облысында да мал қырылып жатыр HD

19.03.2022
«Shopan Ata» қауымдастығы «ЖҰТ келді» дегенде, барлығы мазақ қылды. ▪️Түркістан облысы бидайдың өнімділігін 10 ц/га жинадық деп есеп бердi. ▪️Е. Қарашөкеев: «Алматы облысында мүлде қуаңшылық жоқ» деп барлық жерде жар салған еді. ▪️Атқарушы биліктің өтірігіне қарамастан, Президент Тоқаев жем-шөп жағдайын ойластыруға тапсырма берген. ▪️Министр Қарашөкеев жем-шөпке субсидия береміз деп, шаруаларды алдап, өтінімдерді қабылдатқан еді. ❗️Кімнің мүмкіндігі бар, президентке мына мәселені жеткізсеңіздер екен. Жем-шөпке көмек ретінде субсидия былтырғы жылдың күзінде алдын ала төленуі керек. Себебі, жем-шөп қыста керек. Көктемгі ұзын-сарыға керек, қысылғанда керек. Ал бізде ол субсидия бүгінге дейін төленген жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі ол көмекті төлеуге әрекетті наурыз келгенде, енді жасауда. «Ақсақ қой, түстен кейін маңырайды» дейді мұндайды. Қарашөкеев, мына өлген малдың, шаруаның көз-жасының барлығы сенің мойныңда! Қолдағы бар лауазымды пайдалана алмай, елді сергелдеңге салдың! Кетсеңші болды қызметтен! Енді көктемгі егін науқанын құртып, елді нансыз қалдырайн дедің бе?! Рақмет. Осы тойғаныңмен қой. Таста қызметті.

Похожие видео

Показать еще