«Дикий Арман» адам ұрлаумен айналысқан - Бас прокуратура HD

07.02.2022
Елге «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев адам ұрлаумен айналысқан. Бас прокуратура өкілдері осылай дейді. Қылмыстық топ Алматыда қақтығыс болған кезде көшеде кетіп бара жатқан 24 адамды ұрлап, оларды еркінен тыс қамауда ұстап отырған. Бір жерден екінші жерге алып барып, ұрып соққан. Мұндай қысымға шыдай алмаған бір адамның қаза тапқаны да айтылады. Одан бөлек 12-аурухананы күзетіп тұрған бір полицейді соққыға жығып, қолындағы қаруын тартып алған көрінеді. #ДикийАрман #АрманЖұмагелдиев #БасПрокуратура #ІІМ «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz

Похожие видео

Показать еще