Кентаудағы емхананың 12 қызметкері бас дәрігерге наразылық білдірді
Түркістан облысы Кентау қаласындағы емхананың 12 қызметкері бас дәрігерге наразы. Айтуларынша, басшылыққа келген 6 ай ішінде қол астындағы 3 лауазым иесін жұмыстан босатып, өзге ақ халаттыларға берілетін сыйақыны азайтып жіберген. Бұл арызын емхана қызметкерлері құзырлы орындарға да жазыпты. Бірақ тексеру жүргізген тиісті мекеме өкілдері бас дәрігердің әрекетінен ешқандай кемшілік таппапты.
Похожие видео
Показать еще