Қазақ болып тумағанда нетер ем? Бұл жалғаннан бақыт таппай өтерем Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда Аламанда ат оздырмай кетерем Қазақ болып тумағанда нетер ем Өкінішпен өртенер ем өте мен Қасиетті домбыраны қолға алмай Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем Қайырмасы: Мен қазақпын Бойымдағы қан қазақ Мен қазақпын Мен шырқайтын ән қазақ Бір қазақтың Бақыты мен бағына Барша үнімен Қуанса екен бар қазақ
одноклассники