Есіңе мені алғайсың. Елена Әбдіхалықова. Жұбаныш Жексенұлы.
Елена Әбдіхалықова, Жұбаныш Жексенұлы - "Есіңе мені алғайсың" Cөзі: Мұқағали Мақатаев; Әні: Елена Әбдіхалықова Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
Похожие видео
Показать еще