Орташа жылдамдық жүйесі қала ішінде қолданылмайтын болды HD
Орташа жылдамдық жүйесі қала ішінде қолданылмайды. Яғни, фото және бейнебақылау камералары тек қала сыртындағы трассаларда тәртіп бұзғандарды түсіреді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, орташа жылдамдықты асыру дерегі айналма жолы жоқ трассалар мен жолдың түзу учаскелерінде ғана тіркеледі. Сол арқылы ереже бұзушыларға қатысты толтырылған нұсқамаларға шағымдану фактісі азайтылмақ. Қазір жауапты ведомство орташа жылдамдық нормативтерін енгізу мәселесін мүдделі мемлекеттік органдармен талқылап жатыр. Ал қала сыртында жылдамдық асырғандарға нақты қанша айыппұл салынатыны белгісіз. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
Похожие видео
Показать еще