Айтыңдаршы мейірімнің бағасын?... Назерке Айлез.
Айтыңдаршы мейірімнің бағасын* Біз баратын бақыт мекен, жол қайда, Ерте ме екен әлі бізге ондайға? Мейірімсіз ғаламшардың ішінен Мейірімді адам шықса болмай ма? Қ-сы: Жылатып тұр бір жас жігіт анасын, Ал бір ана тастап жатыр баласын. Жетімдердің көздеріне кіріп ап, Көз жасым-ай, тоқтаусыз бір ағасың. Бақытсыздық мекеніне асығып, Дөңгеленген дүние, қайда барасың? Базар жақтан сатып әкеп берейін, Айтыңдаршы мейірімнің бағасын. Тағдыр жазып қояды деп маңдайға, Тар көңілің сені тағы алдай ма? Мейірімсіз жүректерді жібітер, Мейірімді адам жоқ па шалғайда? Әні:Марлен Аралбай Сөзі:Аманжол Сұрағанов
Похожие видео
Показать еще