Оқушылар уланған «Далал» деп аталатын араб иіссуы сауда айналымынан алынып тасталуы мүмкін
Маңғыстау облысының оқушылары уланған «Далал» деп аталатын араб иіссуының құрамынан зиянды токсин табылса, иіссу сауда айналымынан алынып тасталады. Оны атақты «Ал-Рехаб» фирмасы шығарған. Айта кету керек, Шетпе ауылында ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түскен болатын. Алшын Меңдатұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары косметикалық бұйымды дүкеннен сатып алып, сабақ үстінде кезекпен сепкеннен соң, өздерін нашар сезіне бастаған еді.
Похожие видео
Показать еще