Байғанин ауданында мектеп түлегі суға кетті
Өткен демалыс күндері облыста 1 адам суға кетіп, төртеуі құтқарылды. Қайғылы оқиға Байғанин ауданында болды. Суға кеткен - 11 сынып бітіруші түлек. Қалған төрт адам Ақтөбе су қоймасында құтқарылды. Арнайы орнатылған тиым салу белгісіне қарамастан біреуі алысқа жүзіп кетсе, енді бірі мас күйінде суға түскен. Облысымызда жыл басынан бері 6 адамның өліміне су себеп. Олардың 3-еуі бала. Ал, суға түсу маусымы басталғалы бері 3 адам қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Тиым салынған жерлерде шомылу қауіпті. Қазір суға түсуге ауа-райы да қолайсыздық танытып тұр. Қаламызда суға түсуге ең қауіпті жерлер Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы ауылына апаратын көпір астындағы Елек өзенінің бойы, - дейді мамандар. Бұл жерлерде суға түсушілер көп. Қайғылы оқиғалар да жиі тіркеледі. Қала бойынша қауіпті жерлерге 1 маусымға дейін 35 белгі қойылған. Ал қалған 30-ы суға түсу маусымы аяқталғанша орнатылатын болады.
Похожие видео
Показать еще