Ватиканның ресми өкілдерімен кездескен болатынбыз. HD

29.06.2018
Рим папасына Алтайдан табылған VI ғасырға жататын көне қыпшақ қобызының көшірмесін сыйға тарттық. Сол арқылы біз Ватикан мұражайындағы көне карталар залына кіруге рұқсат алдық. Бұл карталар көп уақытқа дейін құпия деп ескерілген, қазіргі уақытта еркіндік берілгенімен, сол көне карталар залына туристер кіре алмайды. Ватикан – әлемдегі көлемі ең кіші, 44 гектар жері бар Римнің ішіндегі мемлекет. Сол көне карталар залынан XV-XVI ғасырға жататын дүние жүзінің картасын, XІІI ғасырға тиесілі италияндық саяхатшылар карталарын тамашаладық Сол карталарда жер-су, өзен-көл аттары берілген. Екі картаны көру арқылы сол уақыттағы құрлықтар мен мұхиттар, Антрактиданың қандай болғанын, Қазақ жеріндегі теңіздер мен көлдердің, жер бедерінін кескіндерін көруге толық мүмкіндік аласыз. Екінші бір картада 1215-1265 жылдардағы дүние жүзінің картасы туралы баяндаймыз. Ол картада италиялық саяхатшылардың Қытай мен Моңғолияға барған сапарлары, Марко Поло мен Рубриктың саяхат сызбасы кескінделген. Бір ерекшелігі сол карталарда қазіргі Ресей жерінің көп бөлігі Қыпшақ империясына тиесілі болған. Осы карталар туралы төмендегі видеода баяндап береміз.

Похожие видео

Показать еще