Елорда көшелері EXPO қарсаңында 7 млн гүл көшетімен көмкерілді HD
Жеті миллион. ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астана осынша гүл көшетімен көмкеріліп, ажарлана түсті. Қала көшелері мен желек жолдардың сылқым қыздай сыланып, түрленуі үшін 2 мыңнан аса жұмысшы еңбек етуде. Елорданы абаттандыру ісінде биыл айтарлықтай өзгерістер бар. Мақсат – алыс-жақыннан ағылған қонақтарды қайран қалдыру. Блиц: -ЭКСПО-ға жұбайымыз екеуіміз арнайы келдік. Көрме басталуы алдында қаланы тамашалап ерекше әсерге бөленудеміз. астана өте әсем қала. -Қаланың өзі табиғат аясы сияқты. Демалған сайын тынысың кеңе түседі. Гүлдерің молдығы мен қош иісі адамға мерекелік көңіл-күй сыйлауда.
Похожие видео
Показать еще