Лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілде айтқандарын ешкім түсінбейді

23.01.2014
Астанадағы министрлер мен депутаттар президенттің жолдауын қызу талқылау науқанын жүргізіп жатыр. Алайда, жоғары лауазымды шенділер Нұрсұлтан Назарбаевтың «мемлекеттік тіл мәңгілік елмен бірге мәңгілік тіл болады» - деген мәлімдемесін әлі түсінбеген сияқты. Өйткені, әр салада есеп беріп жатқан лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілде айтқандарын өздерінен өзге ешкім түсінбейді. Әріптесім Гүлбану Әниятқызы ағылшынша сайрайтын Оразбақовтың әріптестерінің шала қазақшасын түсінуге тырысты... Өткен аптадағы президент жолдауынан кейін Үкімет мүшелерінің жұмысы күрт көбейді. Министрлер күн сайын жиындар өткізіп, басты құжаттың бағыт-бағдарын түсіндіруден қолдары тимей жүр. Міне, Өңірлік даму министрі - Болат Жәмішев. Жолдаудағы міндеттерін тізуге келген шенеунік сөзінің «біссіміләсін» мемлекеттік тілде бастап, әдеттегідей ары қарай орысшаға көшті. Мұны әдетке айналдырған, Қаржы министрлігін алты жыл басқарған Болат Бидахметұлы әлі күнге ана тілінде еркін сөйлей алмайды. Аса қысқа уақытта ағылшынды меңгеріп алған шенеунік туған тілін үйренуге уақыт таппаған секілді. Халыққа ең жақын министрлікті басқаратын лауазымды тұлға қазақшаны қағаздан ежіктеп әрең оқиды... БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, ҚР Өңірлік даму министрі: Бастапқы жағдайларды жасаудың дұрыс реттеу маңызды міндет болып табылады. Мемлекеттік тілдің «Мәңгілік елмен» бірге екенін негізі президент соңғы жолдауында айқындап берген еді. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деген міндет те қойып берді... НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Ешкім таласпайтын ақиқат мемлекеттік тілдің мәңгілік елмен бірге болуы. Дәл сол жолдауда орнынан тұрып қол соққан шенеуніктердің бірі -Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев. Кезінде Шымкенттегі балалар ВИЧ инфекциясын жұқтырғанда Денсаулық сақтау министрлігінен қуылған Досаев мырза үнемі даудың ортасында жүреді. Мемлекеттік тілде сөйлеуге де тырысады. Тіпті, жақында ғана сенаторлар министрдің қазақшасына разы болып мақтап еді, қайтадан ұмытып қалған сияқты. Өйткені, Досаевтың мына қазақшасынан қандай мәселені шешкісі келетінін түсіне алмадық....

Похожие видео

Показать еще