2020 жылы шілдеде C/2020 F3 (NEOWISE) кометасын көре аламыз! HD

09.07.2020
Комета деген не: https://youtu.be/YImwWpVQGyA C/2020 F3 (NEOWISE) кометасын 2020 жылы 27 наурызда НАСА-ның WISE ғарыштық инфрақызыл телескопы ашты. Құйрықты жұлдыз өз перигелиінен (Күннен 44 миллион км) 3 шілдеде өтті. Орбитасы параболалық дерлік комета Күнге бұған дейін 4500 жыл бұрын таяу келсе, келесіде 6800 жылдан соң жақындайды. 20 шілдеге дейін кометаны таңда, Күн шығардан 1–2 сағат бұрын, солтүстік-шығыс көкжиектен сәл жоғарыдан бақылауға болады. Оны Лаушыдағы жарық жұлдыз Капелланың астынан іздеңіз. Таңғы бақылау: https://www.youtube.com/post/Ugx96XQmhcotjmJKRSp4AaABCQ Ал 10 шілдеден бастап айдың аяғына дейін кометаны Күн батысымен солтүстік-батыс көкжиек үстінен бақылауға болады. Дәлірек айтқанда, 10–20 шілдеде ол кешке және түні бойы, 20 шілдеден кейін – кешке және түн ортасына дейін көрінеді. Кешкі бақылау: https://www.youtube.com/post/Ugy1MjsPLdfAnynRiFp4AaABCQ C/2020 F3 13 шілдеде Лаушыдан Сілеусін шоқжұлдызына өтеді, ал 18–30 шілдеде Үлкен Аюда, яғни Жетіқарақшының астынан көрінеді. Кометаның жарықтығы 7 шілдеде +1 жұлдыздық шаманы құрады, ол әр апта сайын 1,3 ж.ш. азая бермек. C/2020 F3 жай көзбен бұлыңғыр дақ түрінде көрінуі мүмкін, ал дүрбі не телескоппен оның құйрықтары да бақыланады. Ақшыл-сары тозаң құйрығы кометаның жолын көрсетсе, көгілдір газды құйрық Күнге қарама-қарсы бағытта созылады. Кометаны фотоға түсіру үшін, аппаратты штативке орнатып, диафрагманы 1–10 секундқа ашыңыз. Фокустық қашықтық 50–600 мм, ISO 200–1600. Music: JVNA – Sunrise Құрастырған «Физика және Ғарыш» арнасы, 2020 C/2020 F3 (NEOWISE) кометасының шығу және бату уақыттары: https://in-the-sky.org/data/object.php?id=CK20F030 Change location: тұратын жеріңізді көрсетіңіз. НАСА Реактивті қозғалыс зертханасы сайтындағы комета орбитасының визуализациясы: https://go.nasa.gov/2Z3h3He Бақылау карталары: https://skyandtelescope.org/astronomy-news/anticipation-grows-for-comets-neowise-and-lemmon/ Wikipedia: https://en.wikipedia.org/wiki/C/2020_F3_(NEOWISE) ҚАТЫСТЫ ВИДЕОЛАР Балаларға комета туралы: Балаларға арналған астрономия: https://youtu.be/YImwWpVQGyA C/2020 F3 (NEOWISE) кометасының визуализациясы — 15/16 шілде 2020: https://youtu.be/2DPZpvNa9hA

Похожие видео

Показать еще