ҰБТ 2020: 91 бала ереже бұзғаны үшін сынақтан шеттетілді HD
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні тізімдегі 164 түлек емтихан тапсыра алмады. 91 бала ереже бұзғаны үшін сынақтан шеттетілді. Олардың арасында тыйым салынған байланыс құралдарын әкелгендер болған. Ал екі бала дене қызуы жоғары болғандықтан, аудиторияға мүлдем кірмеді. Алайда сырқаттанып қалған түлектерге емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қалғандары бағын тек келер жылы сынап көре алады. Роман Мысловский - елордадағы алпысыншы мектептің түлегі. Бүгін өткен тестілеуде ол физика мамандығын таңдап, тапсырды. Емтиханға екінші тоқсаннан бастап қарқынды дайындалды. Оқушы сынақ барысында тек өз күшіне сеніп, тестілеуге ешқандай байланыс құралдарын алмай кіргенін айтады. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще