Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы тиімді жүзеге асып келеді HD

16.09.2022
Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы тиімді жүзеге асып келеді. Мәселен, Аршалы ауданында жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен ауыл мектебі мен балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ демеушілердің қаржысына ауыл мешіті ашылды. Мыңға тарта тұрғыны бар Аршалы ауданындағы Сарыоба ауылында бұған дейін мешіт болмаған. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлер игі істі қолға алып, бір жыл бұрын Алла үйінің құрылысын бастапты. Он екі айда салынған құлшылық орны қазір халық игілігіне берілді. ЗӘУРЕШ ИМАНТАЕВА, тұрғын: – Мешіт бәрімізге ортақ. Осы мешіт бәрімізге қуаныш, жақсылық әкелсін. Бәріміз осы мешітке келіп тұрайық. Мен осы ауылда туғанмын өзім. Қаншама спонсорлар бар. Соларға да көп рахмет. Ақшаларын беріп, мешіт ашып жатыр. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан бұл жалғыз игі іс емес. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде «Ақбұлақ агро» және «Сараба астық» серіктестіктерінің қаржысына Абай атындағы орта мектептің есік-терезесі ауыстырылып, едені жөнделген. Сарыоба орта мектебінің орындықтары мен парталары жаңартылып, оқу ғимаратының алдына тас жол төселген. «Балапан» балабақшасында да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осының бәріне 46 миллион теңге бизнесмендердің қаржысы жұмсалған. ӘЛІБЕК ТОҚБАЕВ, «Сараба Астық» ЖШС бас директоры: – Күрделі жөндеу жасаймыз ендігі жылы. Оған проект дайындап қойдық. Ендігі жылы құдай қаласа жақсылап тұрып клубты жөндеп береміз. Кіре беретін көшеге проектно-сметный документ жасап қойдық біз. Үш жарым миллионға жасадық. Дайын тұр. Ендігі жылы аудан әкімінің көмегімен облыстық бюджетке енгізіп, асфальт саламыз. Кәсіпкерлер кездесу соңында ауыл халқына көмек ретінде жаңа жедел-жәрдем көлігін сыйға тартты. Бұл жергілікті фельдшерлік-амбулаторлық орталыққа тапсырылды. Ал жергілікті билік өкілдері бизнесмендердің бұл ісі басқа кәсіпкерлерге де үлгі болса екен дейді. Руслан Жасұланұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще