«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» HD

20.09.2018
Қоңыр күзбен қатарласа келетін қарттар мерекесіне де санаулы күндер қалды. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Себебі, көненің көзі саналатын қарияның сөзі дана, ісі ғибратты, өзі бір шежірелі кітап сынды.Осы тұста өмірлері өнегеге толы осы бір жандарды мереке құшағында мерейге бөлеп, құрметке кенелтіп жатқан жандардың бар екендігі көңіл қуантады. Көпшілігінде біз қарттарға көмек көрсетіп жүрген жастарды байқаймыз. Ал аға ұрпақ өкілдерінің қарт кісілерді қамқорлыққа бөлеуін көп кездестіре бермейтініміз рас. Жағымды істердің жанынан табылып, қайырымдылық қолын созуды өзге істен артық көрген шу аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі мереке қарсаңында 70-ке жуық қарттарға азық-түлік таратты. Бұл игі іс осымен үшінші жыл қатарынан орын алуда және ары қарай да жалғаса бермек. Ардагерлер ұйымы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен осыған дейін көмекке мұқтаж екі отбасының баспанасын тұрғызып бергендігін ерекше атап өткіміз келеді. Ендігі жоспарларында жалғыз басты, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен қарттарды қыстық отынмен қамтуды көздеп отыр. Ал қамқорлық сезіміне бөленген қариялар жылы жүректі жандарға шексіз алғыстарын білдіруде.

Похожие видео

Показать еще