№122-ші „Ақкөгершін„ балабақшасы бүлдіршіндерді бар қажеттілікпен қамтамасыз етуде HD
Шымкенттегі мектепке дейінгі ұйымдардың деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен, №122-ші „Ақкөгершін„ балабақшасы тәрбиеленушілерін бар қажеттілікпен қамтамасыз етуде. Дәруменге бай тағам балғындардың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Өнерге баулып, салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді. Дені сау, білімді ұрпақ — ұлттың байлығы. Нөмірі 122-ші „Ақкөгершін„ балабақшасы, тәрбиеленушілеріне қолайлы жағдай жасап, тәрбие беруде. Дәмі тіл үйірер тағамдар әзірлеп, ағзаға қажетті дәрумендерді бойға дарытады. Осылайша, баланың иммунитетін көтеріп, сергек жүріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Саусақтарынан бал тамған аспаздар, әр асты бар сүйіспеншілікпен әзірлеп, балғындардың қуанышын арттыруға тырысады. Ата-аналар, ас мәзірін үнемі қадағалап, бала-бақша жетекшілерімен ақылдасып отырады.
Похожие видео
Показать еще