ӨМІР СЫНАҒЫ

02.06.2014
Бүгін үміті мен күдігі қатар жүретін Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталғаны сол екен, дұрыс жауаптар ғаламтор беттеріне жарияланып жатыр деген ақпарат тарап кетті. Кейбір оқушылар телефон арқылы таныстарынан көмек сұраса, енді біреулері тест сұрақтарын суретке түсіріп интернетке салып қойған екен. Тіпті емтихан тапсырып шыққан түлектердің өзі шпаргалка пайдаланғандарын мойындап отыр. Алайда, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мұндайға жол берілмейді деп сендіріп әлек. Таңғы 8-де келген жеткіншектер, 1 сағаттық тексерістен кейін әрең дегенде сынақ сыныптарына кірді. Білім және ғылым министрінің қолы тимесе керек, жылдағы дәстүрді бұзып бұл жолы орынбасары түлектерге сәттілік тіледі.

Похожие видео

Показать еще