Жамбыл облысында медициналық ұйымдар толықтай цифрлық жүйеге көшеді

03.02.2019
Жамбыл облысында барлық медициналық ұйымдар биыл толықтай цифрлық жүйеге көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл «Арнайы жол картасы» аясында жүзеге аспақ. Қазір өңірдің денсаулық сақтау саласын цифрландыру көрсеткіші 30% жетіп тұр. Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы 400-ге жуық медициналық мекеменің 364-і интернет желісіне қосылды. Сондай-ақ 32 мекемеге орталықтандырылған медициналық ақпараттық жүйе енгізіліп, тұрғындарға электронды түрде қызмет көрсетіле бастады. Таразда цифрлық жүйеге алғаш көшкен медициналық мекеменің бірі - №2 қалалық емхана. Мұнда 68 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Олардың денсаулық төлқұжаттары электронды форматқа енгізіліп қойды. Кезекке тұру, еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеу, дәрігерге жазылу сияқты қызмет түрлері осы жүйемен жүзеге асады. Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/293777-zhambyl-oblysynda-meditsinaly-jymdar-toly-taj-tsifrly-zh-jege-k-shedi

Похожие видео

Показать еще