Шілденің ми қайнатар ыстығынан қалай қорғануға болады? HD

09.07.2021
Шілденің ми қайнатар ыстығы қазақстандықтарға қиынға соғып жатыр. Биылғы аптап тіпті рекорд жаңартқан. Синоптиктер елімізде соңғы отыз жылда мұндай ыстық болмағанын айтады. Жекелеген елдімекендердегі ауа температурасы 46 градусқа жеткен. Ыстыққа төтеп беру үшін тұрғындар әртүрлі тәсілмен қорғануда. Бірі салқын су ішіп, субұрқақты жағаласа, енді бірі орамалын сулап амалдап жүр. Осы орайда мамандар киімді толықтай сулап кию денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді. Себебі бүйрекке суық тиіп, тамаққа зақым келуі мүмкін. АЙГҮЛ ИСАЕВА, Шымкент қалалық № 8 емхана бас дәрігерінің орынбасары: – Далаға шығатын болсаңыздар міндетті түрде жеңіл, табиғи материалдардан жасалған күннен қорғайтын бас киім кию керек. Сонымен қатар жеңіл, ауа өткізетін киім болуы керек. Бір қабатты киім. Және далаға шығатын болсаңыз міндетті түрде күннен сақтайтын кремдер болады неше түрлі. Соларды денеге жағу керек. Сұйықтықты көп мөлшерде ішкен дұрыс. Тар бөлмеде ұзақ уақыт болмаңыздар. Бөлмені жиі-жиі желдетіп тұрыңыздар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #аптап #шілденің_ыстығы #дәрігер_кеңесі

Похожие видео

Показать еще