БАЯНДЫ ТАППАЙ ЖАТЫР! HD

22.09.2020
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Қазақты екі оттың ортасынан құтқарып алған кім?Қытай мен Ресей әлемге не үшін үстемдік ете алмай отыр? Кімнен қорқады? Азғындар елі атанған Трамптың Отаны туралы не дейміз?! АМЕРИКА БОЛМАСА ӘЛЕМ ҚАНДАЙ БОЛАР ЕДІ?! Бұл туралы қызықты ақпараттарды сізге Білген дұрыс Осыдан тура 525 жыл бұрын яғни 1492 жылы әйгілі теңіз саяхатшысы Христофер Колумб Сан-Сальвадор аралдарын ашқан болатын. Бұл "Жаңа әлемнің" ресми ашылуы болып саналады. Айтпақшы, бір қызық айтайын. Америка атауы басқа теңіз саяхатшысы - Америго Веспуччидің құрметіне қойылған. Христофер Колумб Америка материгіне бірінші барғанымен ол Индияны аштым деп ойлады. Ал Америго Веспуччи - жаңа материк ашқанын дәлелді. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білгенінде қазір Америка - Америка емес "Христофер құрама штаттары" болар еді). Жә, тақырыптан ауытқып кеттік. Сонымен, көптеген совет адамдары, сонымен қатар жаңадан қалыптасып жатқан діншіл жастар әлемдегі барлық проблема - Американың кесірінен болады деп есептейді. Тәтті қиялдарында Американың жойылып кеткенін армандайтындары да жасырын емес. Ендеше, қиялға ерік беріп, "Америкасыз әлемді" елестетіп көрейік. XX-шы ғасыр Америкасыз? Құрама штаттары 20-шы ғасырдан бері әлемдік полицей ролін атқарып келеді. Алдыңғы ғасырда Америка әбден қалжыраған Еуропада тәртіп орнатты. Американың қатысуынсыз Бірінші дүние жүзілік соғыста Германияны тыныштандыру қиын еді. Екінші дүние жүзілік соғыста жеңісті елестету тіпті мүмкін емес. Америка бүкіл фронтта соғысты. Мұхитта - ешкімге дес бермейтін жапондармен, құрлықта - ең суық қаруланған немістермен, Африкада - неміс жақтастарымен. Сонымен қатар, Ұлыбритания мен СССР-ге миллиондаған тонна азық-түлікпен, қайтарымсыз мөлшерде қару-жарақпен, танкі, ұшақ, оқ-дәрімен қамтамасыз еткенін ұмытқан жоқпыз. АҚШ және коммунизм Америка жоқ болса, Қазақ елі қандай боларын елестете алмаймыз... АҚШ болмаса халықтар түрмесі болған коммунисттік СССР құлар ма еді?! Құламақ былай тұрсын, СССР коммунисттері Қазақиямен және басқа да түркі халықтарына тағы да қандай сорақылық істер еді...Тіпті елестету қиын... Қытай мен СССР. Екі коммунисттік державалар ортасында баяғыда жұтылып кетер едік пе қайтер едік... Америкасыз қазіргі заман Мақұл. Америкасыз-ақ тәуелсіздік алдық делік. Бірақ әлем қалай болар еді? Тәуелсіздік деген жәй ғана қағаз жүзінде болар еді. Себебі, Ресей өз ырқынан жібермейді. Жә, оны қойшы, глобалды ойланайық. Әлем не болар еді?! Ресей және оның достары Солтүстік Корея, Венесуэла, Қытай сияқты қып-қызыл коммунисттер әлемге ойларына не келсе соны істеп жатар еді. Әлемді өздерінің "сфера интересов" деп бөліседі де - халықты қанайды. Қайда барып қашасың? Қайда барып тығыласың?! Айналаңның бәрі коммунисттер! Сондықтан, "героический" ажал құшатын едік соғысып. Сонымен дәуірің бітеді. Америка және ислам елдері Мен жалпы, түсінбеймін. Совет адамдары мақұл, олардың қандарына солай сіңіп қалған. Бірақ мұсылмандарға не жорық?! Америкасыз Ислам елдері не болатынын білесіздер ме?! Амери

Похожие видео

Показать еще