«Жыл таңдауы» музыкалы жүлдесі үздіктерді анықтады!
«Жыл таңдауы» жүлдесі осымен төртінші мәрте өз үздіктерін анықтамақ! Музыкалы премия биыл «Жастар жылына» арналып, ғаламтор арқылы танылған ньюскул әншілерді марапаттайды. Сондықтан бұл кеште дәстүрлі әншілерге қарағанда, жас жұлдыздардың қарасы мол болды. Ал мәртебелі марапат ғаламторда қаралымы жағынан рекорд орнатып, трендтен түспеген таналанттарға бұйырды. Мәселен, олардың арасында «Алматы-Семей» әнімен танылған Бонопарт пен Мәди Рымбаев та бар. Халық бұл кеште «Найнти уандықтарды» тағатсыздана тосқаны жасырын емес. Жігіттер концертке қатыса алмағаны үшін, оларға бұйырған екі бірдей жүлдені Ерболат Беделхан алып қайтты. Q-pop өкілдері арасынан ерек мәртебеге ие болған жалғыз Ninety one емес. Зируза мен Мэдмэндықтардың да есімі жеңімпаздар қатарынан табылды.
Похожие видео
Показать еще