ҚОҚИҚАЗДАРДЫҢ НЕДЕН ӨЛГЕНІ НАҚТЫЛАНҒАН ЖОҚ HD
Маңғыстау даласында қоқиқаздардың өлекселері табылды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба көршіліктің қызу талқысына түсті. Видео авторының сөзінше ол Бейнеу ауданындағы Сам құмында түсірілген. Осы жағдайдан кейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жедел-тергеу тобы шұғыл оқиға орнына аттанды. Әзірге қоқиқаздардың неден өлгені белгісіз. Айта кетейін, Бейнеу ауданы – Қызыл кітапқа енген жыл құстарының миграция жасайтын аумағына жатады. Мамандар бұған дейін ұша алмай, тобынан ажырап қалған аққуларды тауып, жақын маңдағы Қаракөл көлі мен су көздеріне жіберген болатын. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/ Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Похожие видео
Показать еще