Самат Смақов футболдағы мансабын аяқтады

03.09.2018
Сегізінші нөмірлі Самат Смақов футболдағы мансабын аяқтап, қоштасу матчын өткізді. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға 10 мыңнан астам жанкүйері жиналды. «Ақтөбе» футбол командасының құрамында 6 жыл ойнап, команданың капитаны болған Самат Смақовтың атына «8» нөмірі өмір бойына бекітілді. Еліміздің 6 мәрте чемпионы, Қазақстанның супер-кубок иегеріне жанкүйерлері мен облыс әкімдігі атынан жеңіл көлік сыйға тартылды. Аты аңызға айналған Самат Смақов футболдағы карьерасын Семейдің «Елім-ай» командасында бастады. 19 жастағы қорғаушы бір маусымда 5 гол соғып, команданың алғаш рет чемпион атануына үлесін қосты. Қазақстан футболында жарқ етіп шыққан жұлдызды жан-жаққа шақыртулар басталды. 20 жыл бойы бірнеше команданың құрамында ойнап, Қазақстан футбол құрамасының белді мүшесі болды. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще