57 жастағы мүгедек қарттар мен мүгедектер үйіне жете алмай отыр
Жалғызбасты мүгедекке облыстық психоневрологиялық диспансерден бір парақ анықтама алу қиынға соғып тұр. Инсультке ұшырап, аяғын баса алмай қалған Орынбасар Лақов қазір медбикелік күтім бөлімшесінде жатыр. Туысқандары жоқ ер адамның жалғыз жанашыры-67 жастағы Роза Құлманова. 57 жастағы Орынбасар Лақов Роза Құлманованың үйінде 5 жыл бойы пәтер жалдап тұрған. Жалғыз жанашыры да Роза апай. Мүгедектігін растау үшін медициналық тексеруден өткен. Төсек тартып жатқандықтан дәрігерлер қасына келген. Невропатологтың да қорытындысы дайын. Тек анықтама беретін облыстық психоневрологиялық диспансер. Ондағылар қол-аяғын баса алмаса да, науқастың өзі келуі керек,-деп мүгедекті әуре-сарсаңға салған. Психоневрологиялық диспансердің дисапансерлік-емхана бөлімшесінің меңгерушісі мәселемен таныс. Алайда, заңмен бекітілген ережеге сай бөгде адамға мұндай анықтаманы беруге болмайтындығын алға тартып отыр. Орынбасар Лақовтың медбикелік күтім орталығында жатқанына 1 айдан асты. Құжаттары дайын. Медициналық сараптама нәтижесі бойынша ол енді 1-топтағы мүгедек. Жалғыз барар жері-облыстық қарттар мен мүгедектер үйі. Ал анықтамасы жоқ мүгедек қарттар мен мүгедектер интернат-үйіне жете алмай отыр.
Похожие видео
Показать еще