Төтенше жағдай кезінде табиғат аясында демалған әкімнің ісі қаралды HD
Төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған. Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округінің әкімі аудан орталығында достарымен бас қосқан. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында карантин кезінде табиғат аясында демалған шенеунікке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ортақ ережеге бағынбаған округ басшысы ауданда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі болыпты. Айта кетейік, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған бұл суретті "былтыр ел аман, жұрт тыныш кезде" түсірілген деп ақтағандар табылған еді. Алайда, тиісті зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бұл оқиғаның 9 сәуірде, тура коронавирус дерті ушыққан тұста болғаны анықталып отыр. Еще новости: https://otyrar.kz Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz