Алматы облысындағы түрмелердің бірінші жаппай төбелес орын алды
Түрмеде есірткі қолданып, туған күн тойлайтын Алматы облысының түзеу мекемелерінің бірінен тағы да шу шықты. Бұл жолы Заречныйдағы 155/14 түзеу мекемесінде 15 адам төбелесіп, үшеуі Қапшағай қаласындағы ауруханаға түсті. Барлығы да жазасын өтеп жатқан сотталушылар. Ал жаппай төбелес болған жер қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесі. Қазір осы жағдайға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Подписывайтесь на канал Информбюро 31: Youtube - https://www.youtube.com/informburo31 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp +7 777 331 31 31