Назарбаев жерді сатып жібермекші / 26-бап туралы Жанбол Рахматулла HD
Назарбаев жерді сатып жібермекші / 26-бап туралы Жанбол Рахматулла Жаңасы: https://www.youtube.com/watch?v=D51fcT3oKAg Ас салам уағалейкум аса қадірменді Қазақ қауымы! Назарыңызда - Жанбол Рахматулла. Терминдерді қолданбай, жалпақтілмен түсіндіруге тырысамын. Бірнеше күн бұрын билік өкілеттіктерін бөлу жөніндегі коммисия конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы қаулы шығарған болатын. Сол өзгертулер мен толықтыруларды талқылауға 1-ай ғана уақыт беріп отыр. Оның бір аптасы өтіп те кетті. Бізді саясатқа араласпасын деп, алданар ма екен деп, димашты беріп еді, көбіміз шынымен де соның соңынан еріп кетті. Сонымен, конституция - ата заңымыз, бұл құжат 9 тарау, 98 баптан тұрады. Мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Содан, ең басты өзгеріс 2-ші тарау, 26-баптың 1-тармағы деп есептеймін. Аталмыш бапта осыған дейін мүлікке ие бола алатын ҚР азаматы деп көрсетілсе, қазір "ҚР азаматы" дегенді алып тастап, орнына “әрбір” яғни орысша “каждый” демекші. Демек, кез келген шет-ел азаматы жер болсын, сатылымда не тұр, соны сатып алуға қақысы бар деген сөз. Соңғы кезде халық арасында “мейлі, назарбаев конституцияны қалауынша өзгерте берсін, жаңа билік келгенде назарбаевтың өзіне арнап шығарған заңдарын жояды” деп адаспа пікірлер айтылып, немқұрайлық танытуда. Осы немқұрайлық үшін алдағы уақытта өзіміз, ұрпақтарымыз бен мемлекетіміз ашшы зардабын тартатын боламыз. Біліңіз, Назарбаев дәуірінен кейін қабылданған жаңа конституция өзінің күшін толық қолдана алмайды. Себебі "әркім" деген сатып алушымыз шет-ел азаматы болса, сол шет-ел азаматтарының құқығы сақталмаған жағдайда, мүдделі елдер өздерінің сатып алған мүліктерін қорғау үшін міндетті түрде әскерлерін қазақтың жеріне баса көктеп кіргізеді. Мейлі ол ресей, үндістан немесе қытай не тағы басқасы болсын. Сондықтан мемлекетімізге, мемлекеттігімізге орасан зор қауіп төндіріп тұрған осы 26- баптағы өзгертуді өмірімізбен қош айтыссақ та қабылдатпауымыз керек!!! :fy,jk Hf[vfnekkf ZHanbol Rakhmatulla ЯРфтищд Кфлрьфегддф Саясаттанушы, жырау, тұңғыш саяси рэпер — Жанбол Шекербек-ұлы Рахматулла ЖаМбЫл емес, ЖаНбОл РахмЕтОлла емес, РахмАтУлла
Похожие видео
Показать еще