Жылдың хит туындылары анықталды!

26.12.2019
«Billboard» басылымының пайымынша Билли Айлиш 2019 жылы тек қана стриминг арқылы $8 миллионға жуық қаржыға кенелген. Оның бір ғана «Bad guy» туындысы қалтасының қалыңдауына сеп болса керек. Аталмыш трек, сөзсіз осы жылдың хит әуені болды. Билли сынды, Lil Nas X-тың Billy Ray Cyrus-шырқаған «Old Town Road» та тыңдалымы жағынан топ жарды. Одан бөлек, Шон Мендес пен Камила Кабейоның «Señorita» жаз мауысымының ең басты әніне айналған еді. «Tones and I» лақап атымен таныс 19 жастағы аустралиялық әншінің трегі әлемің әр елінде шырқалды десек артық айтпаспыз! Халық орындаушының түрін жатқа білмесе де, оның бұл әні әр тыңдарманның құлаққабында ойналды. «Tones and I» сияқты болмаса да, отандастарымыздың арасында қошаметке ие болған төл туындылар да жетерлік! Мәселен, Ирина Кайратовнаның «Не әңгіме» трегі қазақстандық Itunes-тан түспеді. Сондай-ақ, Ninety one-ның «Мен сен емес» туындысы да тыңдалымдағы туындылар тізімінен табылды.

Похожие видео

Показать еще