Ресей ЕАЭО елдері бидай экспортына квота енгізгенін қалайды HD

24.05.2022
Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдердің астық экспортына уақытша тыйым енгізгенін қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Көрші елдің баспасөз беттерінде осындай ақпарат жарияланды. Онда 20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Ресей осындай ұсыныс жасағаны айтылған. Қазақстандық сарапшылар бұған қарсы. Оған бірнеше себеп бар. Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінің астық экспорттауға квота енгізгенін қалайды. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады. «Ресей реэкспорттан қорқып, Одақтың барлық мүшелерінің астық экспортына квоталар мен баж салықтарын енгізгенін қалайды. Сондай-ақ ол ЕАЭО-ға жеткізілімдерге шектеуді 30 маусымға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ Қазақстан бұл ұсынысқа қарсы» деп жазылған хабарламада. Мысалы, «Совэкон» аграрлық нарыққа сараптама жасайтын орталық директоры Андрей Сизовтың айтуынша, Қазақстанға Ресейдің ұсынысын қабылдауға негіз жоқ. Оның пікірінше, бұл ірі бидай экспорттаушы мемлекеттің фермерлерінің мүдделеріне сай келмейді және түптеп келгенде ЕАЭО-тың мақсаты еркін сауда жасауға жол ашу. Сарапшы ойын осылай деп түйіндеген. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz

Похожие видео

Показать еще