Атырау облысының Қызылқоға ауданында мал суару мәселеге айналды HD
Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында да су тапшы. Бұл малға да, жанға да жайсыз тиетіні анық. Оның үстіне биылғы жаз ыстық болатын түрі бар. Мамыр айының ортасынан бастап термометр бағаны 35 градустан түспей тұр. Соңғы екі жылда Ойылға өрден су келмей, өзен тартылып барады. Соның салдарынан төңіректегі ауыл-аймақ малын суара алмай қиналды. Амалы құрыған шаруалар мал басын шағындап, барын сақтап қалуға тырысып жатыр. Біз болған «Жаңақұдық» қыстағындағы екі құдық кезінде үш отар қойды қандырған шыңырау болатын. Қазір 150 жылқыға жетпей қалған. Соңғы жылдары жерасты суы да қашып, су көзі тереңдеп кетіпті. Шаруашылық иесі Мұрат Сармановтың бүгінгі басты мәселесі малға су тауып беру болып отыр. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24