Ойыл өзенінің құрғауына басты себептер! HD
Бүгінгі күні Ойыл өзенінің мәселесі күнтізбенің тізімінен түспей тұр. Ойыл өзенінің мәселесін шешілмесе, ел үдере көшпекші. Бұл мәселені жан-жақты талдап сіздерге, Ойыл өзенінің құрғау себебін ұсын бақшымыз. Ойыл өзенінің сағасында орналасқан Атырау облысы Қызылқоға ауданында өзен арнасы құрғап қалғанына 2 жыл болды. Өзеннің шүңейттеріндегі балықтары түгел қырылды, мал ішетін суатта жоқ, шүңейттің түбінде қалған шіріген су мал ішуге де жарамай, су іздеп сенделген төрт түлік мал. Жер асты сулары тереңдеп, қазған құдықтар тұздай ашшы, тұшшы су көздері ашып барады. Мал түгілі, 18628 Ойыл бойында отырған тұрғынның ауыз суы жаз айларында 2-3 сағатқа берілуде. Елдің ішіп отырған суы аса тұшшы емес, алғауы бар су. Ауданда, ауыз суы мәселесінің себебінен экологиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуал қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі кешенді ғылыми геологиялық зерттеу жұмыстарын қолға алып, іс-шара жоспарын құрып, туындаған мәселерді шешуге жедел кіріспесе болмайды. SOS, SOS, SOS. #Атырау #Ойыл #Қызылқоға #Қазақстан #өзен #экология #help #Oiyl #Kazakhstan #tourism #река #бөгет #Миялы #SOS
Похожие видео
Показать еще