Ойыл селолық округінде індеттен 600-ден астам қой мен ешкі қырылып қалды HD

13.10.2016
Қызылқоға ауданында жуырда індет тарап, жүздеген ұсақ мал қырылып қалған еді. Бір ғана Ойыл селолық округінде 600-ден астам қой мен ешкі шығын болды. Нәпақасын төрт түліктен айырып отырған ауыл тұрғындары үшін бұл жағдайдың ауыр тигені сөзсіз. Өңірдегі тілшіміз Арыстанбек Кенже кесел тараған ауылға барып, жағдаймен танысты. Тамыз айынан бері «Жасқайрат» ауылындағы тұрғындардан маза қашты. Күземін қырқып, енді қысқа дайындап отырған қойлары, соның ішінде тоқтылар шетінен өле бастаған. Жақсыбай Мадьяров: «Індеттің белең алуына мал дәрігерлерінің енжарлық танытуы себеп болды», – деп отыр Жақсыбай Мадьяров, ауыл тұрғыны -Менде бары 30 бас, соның 4 басы өліп тұр. Бізді алаңдататыны осы аурудың дер кезінде ертерек хабарланып, шаралары алынбағаны. Осыдан 2 ай бұрын хабарласа, осы вакцина салынса, бұл жағдай болмас еді.

Похожие видео

Показать еще