«Birgemiz» қорынан халыққа әлі де қаржы беріледі HD
«Nur Otan» партиясының белсенділері мен «Жас Отанның» волонтерлері қазірге дейін 50 мыңнан аса отбасыға ең қажетті деген тауарларды жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Бұл іске ұзын-ырғасы 3 мыңнан аса волонтер қатысты. Игі іс әлі жалғасады. Мұны «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдауы кезінде Елбасы айтты. Елбасы елмен бірге. Өзі құрған тәуелсіз мемлекеттің халқын қашан да қолдап келеді. Қазір де солай. Қиын кезде жұрттың жанынан табыла білуді Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтарға да айтты. Рас. Індет әлемді әбіржітті. Қиын шақта ел Президенті халықты қолдау бойынша тиісті шешімдер қабылдағаны белгілі. Мұны да Елбасы атап өтті. Әсіресе көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қарттарға қамқорлық жасалып жатыр. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще