Бурабайда қолдан өсірілетін бұғылар саны артып келеді HD
Осыдан бірер жыл бұрын Шығыс Қазақстаннан әкелінген бұғылар Ақмола облысына әбден жерсініпті. Дала еркелері 600 гектар жайылымдықта ерекше күтіммен ұсталады. Оны көбейтудегі мақсат туристерді тарту болатын. Бұғы басы өскелі мүйізіне сұраныс түсуде. Табиғи емдік шикізатты негізінен аймақтағы шипажайлар тұтынады. Марат Омаров, «Бурабай» бұғы шаруашылығының меңгерушісі -Олар бізге әкелінгенде бұзау болатын. Қазір өздері төлдеп, саны 200-ге жақындап қалды. Бұған дейін біздің аймақ шипалы су, балшық және таза ауасымен ерекшеленді. Енді Бурабайда бұғы мүйізінің өндірісін дамытудамыз.