Болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу HD

27.11.2018
Болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу. Сөздің шыны керек, осыдан 5-6 жыл бұрын бұл тіркес бізге абсурд көрінетін. Өйткені, кіп-кішкентай бүлдіршіндерді спортқа тарту, тіпті, одан чемпион жасап шығару адамның басына сыймайтын дүние ғой. Ал, бертін келе бұл бастаманы Америка мен Қытай қолға алды. Кейін оған Кәрі Құрлық елдері қосылды. Тіпті, көрші Өзбекстанның өзі қазір балаларды қаршадай кезінен қайта-қайта тексеріп, қабілеті барларын ерте жастан анықтауға тырысады. Енді біртіндеп бізде де бұл бағыт жандана бастады. Қазір еліміздегі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне спорттық секциялар ашуға рұқсат берілді. Кәсіпқой бапкерлер шақырылды. Жаттығудың арнайы бағдарламасы жасалды.

Похожие видео

Показать еще