Оралбек батыр кітабы шықты
2016 жылы шілде айында Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспаханасынан «Оралбек батыр» атты кітап жарық көрді. Кітапта Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан Батыс Қазақстан облысының чемпионы, қазақша күрестен Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін абсолюттік жеңімпазы, республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегері Оралбек Қожагелдиннің өмір жолы, тұлғалық қалыптасу кезеңдері, отбасылық өмірі, қоғамдық қызметі және қасіретті қазасы туралы нақты куәгерлердің естеліктері жинақталған. 1990 жылдардың аласапыранында әділет үшін күрескен, нарықтан тарыққан халқына қорған болуға ұмтылған, ұлт мүддесі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына ерекше үлес қосқан тұлғаның азаматтық қасиеттері суреттелген. Жинақта тарихи фотосуреттер, шынайы естеліктер, құнды құжаттар тұңғыш рет топтастырылып отыр. «Оралбек батыр» кітабы «Біздің елдің жігіттері» атты серия аясында жарық көрді. Кітап авторы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Нұрлан Сәдір. Ал кітап пен серияның идеясын айтып, баспаханалық шығындарын көтерген – бұдан бұрын да «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен жарық көрген «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп» сынды танымал кітаптардың басылуына мұрындық болған меценат, белгілі заңгер Абзал Құспан. «Оралбек батыр» кітабы жалпы көпшілік оқырманға арналған және елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі іс-тірлігін насихаттауды көздейді. Кітап тиражы – 1000 дана. Жинақ туралы және баспасөз мәслихаты туралы алдын ала ақпарат алғыңыз келсе, 87475377450, 87776166507 қалтафондарына хабарласыңыз.
Похожие видео
Показать еще