Айбек Нұғымаров туған ауылына ерекше сыйлық тарту етті

10.09.2018
Шығыс Қазақстан облысының Құндызды ауылында Ақтамберді жырауға ескерткіш орнатылып, спорт кешені ашылды. Бұл – қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан барысы Айбек Нұғымаровтың туған жеріне тартуы. Жалпы Абай ауданы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 75 миллион теңгенің жобалары жүзеге асыпты. Жыл соңына дейін әлі де бірнеше нысан ашу жоспарда тұр. Бұл жотада туған елінің азаттығы мен жарқын болашағы үшін жауға шауып, «күреңді күлдір-күлдір кісінеткен» Ақтамберді жырау бабамыз жерленген. Бүгін Құндызды ауылында ерекше той. Тәуелсіз қазақ елінің атын бейбіт күні әлемге паш етіп жүрген даңқты балуан Айбек Нұғымаров туған ауылына ерекше сыйлық тарту етті. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще