Соғыстан оралмаған жауынгердің елге сәлем хаты. Сынықшы Сүлеймен әулиеден алған алғыс сөз. HD
ІІ Дүниежүзілік соғысқа кетіп, елге оралмаған әкесі мен ағасын күткен Ұлықпанова Ағила Таукебайқызының әңгімесі. Еңбекке ерте араласқан ананың сынықшы Сүлеймен әулиенің қарамағында болып, тары өсірумен айналысқанын да осы әңгімеден біле аласыздар. 86 жастағы қарт ана Ағила Таукебайқызы — Еңбек және тыл ардагері.