Павлодар облысындағы кәсіпкерлер қанатын кең жаюды көздейді
Ауыл етікшісінен сәнді аяқ киімдер. Павлодар облысы Аққу ауылының тұрғыны Бейбіт Қадысұлы бүгінде аяқ киімнің 23 түрін тігіп, халыққа ұсынып отыр. Талантты азамат жуырда мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде қаражат алып, сол қаржы негізінде өз ісін кеңейтіпті. Кісілер әртүрлі фасонмен заказ береді. Өздері алып келеді фасонды. Қалай, не істеу керек екенін сол бойынша істеп береміз. Аққу ауылының тұрғыны осыдан алты жыл бұрын аяқ киім жөндейтін шеберхана ашыпты. Етікшілік кәсібін меңгере бастаған ол, «келешекте шағын цех ашсам» деп армапты. Оны жүзеге асыруға ұтып алған 3 миллион гранты сеп болды.
Похожие видео
Показать еще