Маңғыстау облысында алтын жүректі атымтай жомарттар марапатталды
Маңғыстау облысында алтын жүректі атымтай жомарттар марапатталды. Жыл сайын өткізілетін шара қолы ашық, жаны жомарт, қайырымдылыққа қаражатын аямайтын жандарды анықтайды. Үздік шыққандардың арасында қайырымдылыққа 100 миллион теңге жұмсағандар да бар. Жалпы биыл облыстағы кәсіпкерлер 7 миллиард теңгені игі істерге жұмсаған екен. Олар жүзеге асырған жобалардың арасында жартасты соқпақ пен Бекет ата жолының құрылысы, ірілі-ұсақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды атауға болады.